«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру аясында әзірленді.

Жобада Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы ережесіне сәйкестендіру көзделген.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында 2025 жылғы 6 ақпанда орналастырылды:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15431764.

Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 20 ақпанға дейін өтеді.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

Дата публикации
06 февраля 2025