2024 жылғы IV тоқсандағы ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы ақпарат

2024 жылғы IV тоқсандағы ішкі мемлекеттік аудиттің

қорытындылары туралы ақпарат

ҚР ҒЖБМ Ішкі аудит департаменті 2024 жылдың IV тоқсанында «Ғылым қоры» АҚ-да тиімділік аудитін жүргізді, онда жүргізілген аудит бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру, грант алушылардың берешегін есепке алуды жүргізу, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу кезінде және басқа да бұзушылықтардың қаржылық және рәсімдік сипатын анықтады.

Анықталған бұзушылықтар ішкі бақылау жүйесі мен бизнес-процестердің нашар ұйымдастырылуына, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарының сақталмауына, жауапты лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттеріне тиісінше қарамауына, сондай-ақ ішкі құқықтық актілердің жетілдірілмеуіне байланысты жіберілді.

Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар қалыптастырылды. Сонымен қатар, аудит объектісіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсетілді.

Дата публикации
10 января 2025