Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «2025 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу және конкурс өткізу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары шеңберінде әзірленді.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa) 2024 жылғы 5 желтоқсанда орналастырылған. Жобаға бұқаралық талқылау жүргізу мерзімі 2024 жылғы «__» ____ дейін белгіленген.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.