«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Қостанай филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Қостанай филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 13 және 14-баптарына сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Қостанай филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу болып табылады.

Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығыстарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Жоба 2024 жылғы 4 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15327250).  

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 19 желтоқсанға дейін.

Дата публикации
04 декабря 2024