Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 202__ жылғы _____ ____ Қазақстан Республикасы Заңының іске асыруға әзірленді, онда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту жөніндегі ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның функцияларын нақтылауды көздейді.
Жобамен нормативтік құқықтық актілердің атауларын нақтылау (мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесі, білім беру жинақтау салымының үлгілік шарты, оператор мен қатысушы банк, оператор және қатысушы-сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдер), сондай-ақ бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі жаңа функциямен толықтыру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереженің 15-тармағына өзгерістер мен толықтыру енгізіледі.
Жоба 2025 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15315091