«Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс

     Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіреберіс, «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28, 3-кіреберіс, 4-офис.

     Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.

     Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында Болон үрдісінің әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық (сараптамалық) қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар:

жоғары білімінің болуы, кәсіпорнының бейініне сәйкес экономика саласында мамандығы бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

     Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

     1) он сегіз жасқа толмаған;

     2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

     3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

     4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

     Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

     1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

     2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

     3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

     4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

     5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

     Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

     Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қабылданады.

     Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

     Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Персоналды дамыту және басқару департаментіне (943-каб.) тапсыру қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-17.

Дата публикации
14 ноября 2024