«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы мемлекеттік қызметін көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мемлекеттік көрсетілетін қызметінің операторы ретінде белгіленгені қарастырылған. 

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa) 2024 жылғы 29 қазанда орналастырылған.

Жобаға бұқаралық талқылау жүргізу мерзімі 2024 жылғы 12 қарашаға  дейін белгіленген.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

Дата публикации
30 октября 2024