«Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасын әзірледі (бұдан әрі – жоба).

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін көрсетуді жетілдіру болып табылады. Аталған өзгерістер Қазақстанда шетелдік білім туралы құжаттарды тану процесін одан әрі жетілдіруге бағытталған, ол білім беру ұтқырлығын жақсартуға және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне лицензиясы бар) филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алғандарды тануға арналған жаңа өлшемшарттар енгізу.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa) 2024 жылғы 24 қазанында орналастырылған.

Жобаға бұқаралық талқылау жүргізу мерзімі 2024 жылғы 8 қарашаға дейін белгіленген.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

 

Дата публикации
28 октября 2024