«М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Басқарма мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекенжайы: Петропавл қаласы, Пушкин к., 86.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, мүмкіндігінше шетелдік ЖЖОКБҰ-да алған білім; білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда тиісті салаларда жетекші лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде үш жыл немесе конкурстық лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Конкурсқа қатысуға төмендегі тұлғалар жіберілмейді:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар, конкурсқа қатысушылар, 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіптік қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Петропавл қ., Пушкин к., 86, 2 корпус, 426 кабинет мекенжайы бойынша «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет, телефоны: +77775122629 немесе mpogrebitskaya@ku.edu.kz электрондық поштасына.