Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізу туралы пресс-релиз

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізу бойынша пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шілдеде №355 бұйрығымен «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №124 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Ғылым және жоғары білім беру саласындағы қолданыстағы НҚА-ға сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер енгізілді, атап айтқанда Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беку ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестікке келтіру үшін өзгерістер енгізілді сондай-ақ Білім алушылардың білімін бағалауды жүргізу үшін қағидалар мен талаптары ескерілуде.

Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 24 шілдеде ресми түрде жарияланды (https://adilet.zan.kz/rus/docs/ V2400034776).

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
09 августа 2024