«Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына арналған баспасөз хабарламасы

«Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына арналған баспасөз хабарламасы

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрілі «Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі .

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы                        № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 116) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңес (бұдан әрі – Кеңес) болып табылады.

Жоба кеңестің мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ кеңестің негізгі міндеттері мен функцияларын анықтауды көздейді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15104091) 2024 жылғы           28 маусымда орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың                    15 шілдесі.

Жобаны талқылауға барлық ниет білдірген азаматтар қатыса алады.

 

 

Дата публикации
01 июля 2024