«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.  

Жобада әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары және жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жерде зардап шеккен азаматтар жоғары оқу орындарына түсі кезіндегі қабылдаудың жаңа квоталары қосылған және мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалары үшін квоталары көбейтілген және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар квотасы бойынша квота мөлшерін қысқарту қарастырылады.

Жоба теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттің қосымша қаражаты талап етілмейді.

Жоба 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі..

Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz/admin/viewcard?id=15067914 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.

Дата публикации
19 июня 2024