Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізу бойынша пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 28.05.2024ж. №260 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 07.06.2024ж. № 30 бірлескен бұйрығымен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №116 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тәуекел дәрежесін анықтау үшін субъективті өлшемшарттар тізімі толықтырылды, сондай-ақ, тексеру парақтары ғылым және жоғары білім саласындағы қолданыстағы НҚА-ларға сәйкестендірілді, атап айтқанда жаңа Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілуіне байланысты Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағына өзгерістер енгізілді.
Бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 13 маусымда ресми түрде жарияланды (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034485).
Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.