БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы 2024-2026 жылдарға арналған

«Қазақстан Республикасы Ғылым

және жоғары білім министрлігінің

2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік

бағдарламаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ғылым және

жоғары білім министрінің 2023 жылғы

29 желтоқсандағы № 668 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы

 «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 668 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                        С. Нұрбек

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

 

Дата публикации
19 июня 2024