Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын даярлады.
Бұйрық жобасы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің
2-қосымшасына («Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп» формасы) Қазақстан Республикасы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкестендіруді көздейді. «Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп» формасына енгізілетін түзетулер Заңға берілетін сілтемелердің және мәтіннің нақтылануы болып табылады.
2024 жылғы 14 маусымда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 28 маусымға дейін орналастырылды, 87 КБ (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15089592).