БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның 17-бабына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту және азаматтығын қалпына келтіру негіздеріне қатысты түзетулер енгізілді. Аталған бап «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білмесе, оның өтінішхаты қабылданбайды» деген жаңа 14) тармақшамен толықтырылды.
Осы заң нормасын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына тиісті толықтыру енгізіледі.
Қаулының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.