Ішкі мемлекеттік аудиттің 2024 жылғы I тоқсанындағы қорытындылары туралы
ҚР ҒЖБМ-нің Ішкі аудит департаменті 2024 жылғы I тоқсанда
2 аудиторлық іс-шараны келесі объектілерде жүргізді:
Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша: бухгалтерлік есеп жүргізу және активтерді пайдалану саласында; тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, жасалған шарттарды орындау саласында; Даму жоспарларының көрсеткіштерін жоспарлау және орындау кезінде; қызметкерлерге еңбекақы төлеу және іссапар шығыстарын өтеу саласында; сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыру кезінде қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарды анықтады.
Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берудің себептері ішкі бақылаудың әлсіз жүйесі, жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттеріне тиісінше қарамау, сондай-ақ объектілердің ішкі құқықтық актілерінің жетілмегендігі болып табылады.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, бизнес-процестерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау туралы қорытындылар мен ұсынымдар қалыптастырылды.
Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.