«Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы

       

     Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

     Бұйрық жобасы Ғылыми атақтар беру ережесінің нормаларын қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіру және үміткерлердің кандидатураларын ұсыну, ғылыми атақтар беру тәртібін айқындау кезінде Ғылыми кеңестердің жауапкершілігін арттыру үшін қажетті өзгерістер енгізуді көздейді.

     Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (бұдан әрі – ХРҒЖ) жарияланған мақалаларда үміткердің авторлығын регламенттейтін түзетулер енгізіледі, атап айтқанда, үміткер хат-хабарлардың бірінші авторы немесе авторы болуы тиіс.

    Бұл сілтеме норма болып табылады және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

    Бұдан басқа, аралас ғылыми салалар бойынша бағыттарды қосу есебінен үміткерлердің ХРҒЖ-да мақалалар жариялау мүмкіндіктері кеңейтілді, сондай-ақ пәнаралық бағыттардың тізбесі (Multidisciplinary, Interdisciplinary, General, Miscellaneous) толықтырылды. Бұл зерттеу жүргізудің және жарияланымдар үшін журналдар таңдаудың стратегиясын дұрыс бағытқа ынталандырады.

     Жалпы, елдің ғылыми әлеуетін даярлау және аттестаттау саласындағы барлық өзгерістер ғылыми атақтар беру мәселелерінде академиялық мәдениет пен ғылыми этиканы сақтауға бағытталған.

Дата публикации
04 апреля 2024