«Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы

       Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

        Бұйрық жобасы Дәрежелерді беру қағидаларының нормаларын қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру тәртібін айқындау кезінде жауапкершілікті арттыру үшін қажетті өзгерістер енгізуді көздейді.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау бөлігінде докторанттардың мүмкіндіктерін кеңейтетін бірқатар түзетулер енгізілуде: пәнаралық бағыттардың тізбесі (Multidisciplinary, Interdisciplinary, General, Miscellaneous) кеңейтілді; диссертацияның мазмұнына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша жарияланымдарға балама ұсынылды; халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы мақаланың баламасы ретінде ғылыми қызмет нәтижелерін импакт-факторға ие конференция материалдарында және шетелдік сенімді баспалардың монографияларында жариялау мүмкіндігі берілді.

      Сонымен қатар, енді халықаралық рецензияланған ғылыми журналдардағы мақалалар жарияланған жыл не жарияланған жылдың алдындағы жыл үшін ғана емес, диссертацияны қорғау кезіндегі таңдау ретінде де ескеріледі.

      Жалпы, өзгерістер мен толықтырулар жас ғалымдардың бәсекеге қабілеттілігін, PhD докторлық диссертацияларын қорғау процесіндегі жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Дата публикации
04 апреля 2024