«Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрлігінің
2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік
бағдарламаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ғылым және
жоғары білім министрінің 2023 жылғы
12 мамырдағы №203 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Министр С. Нұрбек