Қазақстан Республикасы Ғылым
және жоғары білім министрлігінің
2023-2025 жылдарға арналған
бюджеттік бағдарламаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы №14 бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С. Нұрбек