«Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі-стратегиялық даму жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс
070004, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі-стратегиялық даму жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсібі қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары;
5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысына ұсыну қажет, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, каб. гл-208, ұялы.тел.: 8 771 577 92 77.
72
06 қараша 2026 08:37
06 қараша 2026