2025 жылы QS WUR рейтингіне қазақстандық 20 жоғары оқу орны енді. Тізімге алғаш рет Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Шәкәрім университеті кірді. Өткен жылы рейтингке енген Қорқыт ата және Дулати университеттері өз позицияларын сақтай алмады.
Рейтинг салмағының елеулі бөлігі репутациялық және ғылымсыйымды индикаторларға тиесілі, бұл ғылыми зерттеулерді жүйелі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және университеттердің жаһандық академиялық танымалдылығын арттыру қажеттігін талап етеді.
Сонымен қатар, 2024–2025 жылдары, ең алдымен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының университеттері есебінен жаһандық бәсекелестіктің айтарлықтай күшеюі байқалады. Аталған университеттер ғылымсыйымды және репутациялық көрсеткіштер бойынша озық өсім көрсетуде.
Бүгінде QS WUR рейтингі әлем бойынша қызмет ететін 23 мыңнан астам жоғары оқу орнының ішінен іріктелген 1 500-ден астам жетекші университетті қамтиды. Аталған рейтингке 20 қазақстандық университеттің енуі, сондай-ақ отандық жетекші жоғары оқу орындарының рейтингтің жоғарғы сегментінде болуы ұлттық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде қалыптасқан бәсекеге қабілеттілігін айғақтайды.