Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылы ІІ тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлікке 28 мемлекеттік қызмет кіреді.

2026 жылғы ІІ тоқсанда ғылым және жоғары білім саласында 4 907, оның ішінде 4 451 жеке, 456 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілген. 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны ІІ тоқсанда – 1 276, оның ішінде 1 241 жеке, 35 заңды тұлғаларға («Білім туралы құжаттарды тану», «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу», «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшн құжаттар қабылдау, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру», «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың мәліметтерін өзетендіру (түзету)», «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінг білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»), «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану»).

Жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізгі себептері:

- білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес талап етілетін барлық құжаттарды ұсынбау;

- өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

- мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

- ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттардың болуы. Бас тартудың негізделген заңды сипаты бар.

Есептік кезеңде ғылым және жоғары білім саласымен көрсетілетін қызметтерге қанағаттанбауы бойынша жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
15 июля 2026