«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметінің негізгі мәні Университеттің инфрақұрылымдық даму, әкімшілік-шаруашылық қызмет және қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету салаларындағы негізгі саясат бағыттарын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ Университеттің стратегиялық басымдықтары мен даму міндеттеріне сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру болып табылады.
Қызметінің мақсаты Университет инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді басқару, әкімшілік-шаруашылық процестерді жетілдіру және Университеттің білім беру, ғылыми және өзге де қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
- білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшы қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:
- Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
- өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі.
5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшысына Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142/1 (каб.306) мекен-жайы бойынша тапсыру қажет, телефоны: 8 702 266-17-46, e-mail: abikulova.a@qyzpu.edu.kz.