Персоналды дамыту және басқару департаменті

1) Министрлікте персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;

2) Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;

3) Министрлікте корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды дамыту;

4) Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар мен мекемелер басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымдарына үміткерлерді тағайындау, тәртіптік жазаға тарту, жұмыстан босату мәселелерін қарау.

Департамент Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен айқындалатын персоналды дамыту және басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.