Электрондық мемлекеттік қызметтер

Электрондық мемлекеттік қызметтер

Жақында біздің елімізде мемлекеттік қызметтер саласы дәстүрлі түрде проблемалар мен сын-пікірлермен қатар жүрді. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекте тұруға, түрлі инстанцияларға баруға тура келді — барлығы азаматтар үшін үлкен қолайсыздықтар туғызды.

Мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық саласын және бүкіл кезеңін қамтиды. Туған сәттен бастап және өмір бойы адам мемлекеттік қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі. Сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету арқылы азаматтар үшін ең жақсы өмір сүру жағдайларын жасауға ұмтылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін реформалай отырып, бүкіл әлемдік тәжірибе пайдаланылды, ал қоғамға қызмет етуге барлық қолда бар технологиялар — Халыққа қызмет көрсету Орталықтарын құру және электрондық форматта анықтамалар алу қойылды. «Электрондық үкімет» порталының арқасында мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндіктері пайда болды.

Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтер тізілімінде бар қызметтердің басым бөлігі электрондық нысанда қолжетімді,

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың барлық тетіктерін дамытуды қамтамасыз ету үшін түрлі сервистер мен мобильдік қосымшалар әзірленді, мемлекеттік қызметтерді қазір смартфондар, планшеттер және ұялы телефон арқылы алуға болады. Осылайша, тұрғындар Мемлекеттік қызметтерді қашықтағы форматта, тәуліктің кез келген уақытында, үйден шықпай, ХҚКО-ға бармай-ақ алуға мүмкіндігі бар.

Электрондық қызметтерді пайдалану үшін, ең алдымен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан алуға болатын «Электрондық-цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) болуы қажет.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 88000807777 телефондары, www.egov.kz, ХҚКО-да орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында арқылы алуға болады.