Пайдалануға беру басқармасының сарапшысы, санаты C-5 (1 бірлік), (на время отпуска по уходу за ребенком основного сотрудника до 31.05.2023г.) (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Геодезия және картография
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Қаржы
Қосымша талаптар
көпірлер мен көлік тоннельдері және/немесе автомобиль жолдары мен аэродромдарын салу және/немесе көпірлер мен тоннельдер
Функционалды міндеттер
Пайдалануға берілетін аяқталған нысандарды мемлекеттік қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; бюджеттік өтінімдерді дайындау; республикалық маңызы бар жолдарда ведомстволық сараптама жүргізу; жөндеу аралық мерзімді анықтау және есептеу; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күрделі және орташа жөндеу бойынша есебін дайындау жұмыстарын ұйымдастыру; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жыл сайынғы бақылау кезінде мәліметтерін өңдеуде қатысу және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және олардағы жасанды құрылыстардағы күрделі және орташа жөндеудің қажеттігін анықтау; нормативті-техникалық құжаттаманың дайындығында қатысу; жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында күрделі жөндеудің сараптама жобасы және орташа жөндеудің техникалық құжаттамасы бойынша эксперттік тобына қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобаларын дайындауда қатысу; депутаттық сауалдарға, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына жауап жобаларын дайындау; хаттамалық тапсырмалардың және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат ұсыну; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының даму мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу; автожол саласы бойынша кеңестерге материал дайындау; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүріп-өту бойынша жедел ақпаратты жинақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.06.2022
- Кабанбай батыр 32/1 даңғылы, Transport Tower ғимараты. 6 қабат
-
8 (7172) 983-446