Үкіметтік қарыздарды жүзеге асыру басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Геодезия және картография
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Халықаралық қаржы институттарының қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады. Үкімет қаулыларын, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің, Комитет төрағасының және басқа да жоғары тұрған органдардың бұйрықтарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады. "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ арқылы мемлекеттік кепілдікпен Қытай Эксимбанкі қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға қатысады. Қытай Эксимбанкі қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылыс жұмыстарына, құрылысты қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерге арналған келісімшарттардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге қатысады. Басшылықтың қарауына жататын құжаттарды талдайды және келіседі. Басшылыққа да, сол сияқты донор банктерге де ұсыну үшін келісім-шарттар бойынша жұмыстардың мәртебесі жөніндегі анықтамаларды, есеп жобаларын келіседі. Мерзімінде және белгіленген нысандар бойынша мерзімді есептілікті дайындауға қатысады. Өзгертуге өтінімдерді, сондай-ақ мердігерлердің талаптарын келісу бойынша ұсыныстарды қарайды. Мердігерлердің жұмысына ақы төлеуге байланысты құжаттарды қарайды. Негізгі жобаларды және оларды игеру тәртібін анықтау бойынша жұмысқа тікелей қатысады. Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережесін сақтайды. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.06.2022
- Кабанбай батыра 32/1 даңғылы, Transport Tower ғимараты. 6 қабат
-
8 (7172) 983-446