Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Квазимемлекеттік сектормен жұмыс істеу және активтерді басқару басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты) - 1 бірлік (негізгі қызметкердің 04.09.2020 ж. дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
бухгалтерлік есепті және есептіліктің дайындалуын жүргізеді; кассалық және нақты есепті, соның ішінде лимиттер мен шығындарды, есебін жүргізеді; ордер журналын жүргізеді; қаражаттардың түсуі мен жұмсалуының нақты мәліметтерін тексереді; негізгі құралдар және тауарлы-материалды құндылықтар қозғалысын есепке алуды ұйымдастырады; негізгі құралдарды есептен шығару құжаттарын дайындайды; активтердің және басқа да материалдық құндылықтардың сақталуына, жасалынған операциялардың дұрыстығы мен бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс рәсімделуін бақылайды; ақшалай құралдар, материалдық құндылықтар және активтердің инвентаризациясын жүргізуді ұйымдастырады; негізгі құралдардың, активтердің және материалдардың қозғалысы бойынша тоқсандық және жылдық есептерді қабылдайды; есептелген активтердің тозуын бақылайды; Министрліктің регламентін және Министрліктегі құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтайды; басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.03.2020
- Нұр-Сұлтан қ. Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 6 қабат 608 кабинет
-
754630 немесе 754626