Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Құрылыс және реконструкциялау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 21.06.2024 ж. дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Геодезия және картография
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Комитеттің жоспарланған кезеңге арналған бюджеттік өтінімін әзірлеуге қатысу; Жол саласы бойынша жұмыстардың бағдарламалық жоспарлары мен стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;  Бір жылға жол саласы бойынша бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; Автожолдарды салу және реконструкциялау бойынша жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;  Комитеттің жоспарланған кезеңге арналған бюджеттік өтінімін әзірлеуге қатысу;  Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысу; Жұмыс барысын бақылайды, Құрылыс және қайта құру бойынша жобалардың іске асырылуын мониторингілеу және талдау; Жол саласының қызметі және жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге қатысу;Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бағдарламалары шеңберінде шет елдермен ынтымақтастық орнатуға қатысу;  Үкіметке, Министрліктің және Комитеттің басшылығына ұсыну үшін Комитеттің мәселелеріне қатысты бөлігінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын, бағдарламалық құжаттарды, стратегиялық, операциялық жоспарлар мен Министрліктің меморандумын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлар шеңберінде анықтамалар, есептер жобаларын дайындауға қатысу; Комитеттің құзыреті шегінде мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларының, Министрлік және Комитет басшылығының Қазақстан өңірлеріне сапарларына материалдар дайындауды жүзеге асыру;  Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына және Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі селекторлық кеңестерге министрлік пен Комитет басшылығына материалдар дайындау;  Жол саласының қызметі және жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;  Автожол саласын дамытудың негізгі бағыттары бойынша материалдар дайындау;  Белгіленген нысандар бойынша және мерзімде мерзімді есептілікті тексеру, Бақылау, дайындау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;  Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтау; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.09.2021 – 27.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.09.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 6 қабат 609 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

754630

87014911985