Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Үкіметтік қарыздарды жүзеге асыру басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Геодезия және картография
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқарманың функционалдық бағытына сәйкес конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысады. Келісімшарттық келіссөздерге қатысады. Комитет және донор-банктер үшін жобалар бойынша баяндамалар мен есептерді дайындауға қатысады. Келісім-шарттарды іске асыру мәселелері бойынша донор-банктердің миссияларымен жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді. Халықаралық қаржы институттарының қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуын, құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттардың іске асырылуын мониторингілеуді, сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын Жобаны басқару, құрылысты қадағалау жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді, қарыздар және гранттар туралы келісімдердің институционалдық құрамдауыштары бойынша (техникалық көмек), құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды, жобаны басқару жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді, сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылысты қадағалауды талдайды.  Қытай Эксимбанкінің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды, құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттардың іске асырылу мониторингін, құрылысты қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерді, құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды, Қытай Эксимбанкінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын құрылысты қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерді жүзеге асырады. Басшылыққа да, сол сияқты донор банктерге де ұсыну үшін келісім-шарттар бойынша жұмыс мәртебесі бойынша анықтамалар, есептер жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Мерзімді және белгіленген нысандар бойынша мерзімді есептілікті тексеру, Бақылау, дайындау жұмыстарын жүзеге асырады. Өзгерту өтінімдері бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ мердігерлердің талаптарын қарайды. Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету және техникалық деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтайды. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.07.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.07.2021 – 14.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.07.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 6 қабат 609 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

754630

87014911985