Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Жергілікті желіні дамыту басқарманың бас сарапшысы (С-4 санаты) - 1 бірлік (негізгі қызметкердің 27.08.2022 ж. дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Орындалудағы құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату; Министрліктің регламентін және министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтау; ҚР Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат беру; стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасының орталық органдарымен өзара іс-қимыл жасау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; көліктік-пайдалану жай-күйі бойынша жиынтық деректерді өңдеу және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту мәселелері бойынша депутаттық сауалдарға жауаптардың жобаларын дайындау; автомобиль жолдарының жергілікті желісін дамыту мәселелері бойынша; уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну үшін есептік деректерді дайындау; облыстардың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының аумақтарын дамыту бағдарламасына ұсыныстарды қарау және енгізу; автожол саласы бойынша мемлекеттік бағдарлама тармақтарын орындау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жұмыстардың орындалуына талдау жүргізу; облыстық және аудандық автожолдарға ведомстволық қорытындыларды қарау және беру; облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар бойынша ақпарат, анықтамалар және слайдтар; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.11.2020 – 19.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.11.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Қабанбай батыр даңғылы 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

754630

87014911985