Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Үкіметтік қарыздарды жүзеге асыру жөніндегі басқарманың бас сарапшысы (С-4 санаты) - 1 бірлік (негізгі қызметкердің 06.05.2022 ж. дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Қызмет көрсету (білім саласы)
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

халықаралық қаржы институттарының займдық қаржысы есебінен қаржыландырылатын жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; Үкіметтің қаулыларын, Инвестициялар және даму министрінің, Комитет төрағасының және басқа да жоғары органдардың бұйрықтарын іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; басшылықтың қарауына жататын  құжаттарды талдау және келісу; басшылыққа және донор-банктерге ұсыну үшін келісімшарттар бойынша жұмыс түрлеріне қарай анықтамалар, есеп жобаларын дайындау жұмыстарын жүргізу; мерзімдік есептерді мерзімінде және белгіленген нысандар бойынша дайындау, тексеру, бақылау жұмыстарын жүзеге асыру;. консультанттарды өзгертуге өтінімдерді қарау жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ, мердігерлердің шағымдарын қарау және енгізу; мердігерлердің жұмыстарын төлеумен байланысты құжаттарды қарау; негізгі жобаларды анықтау және оларды игеру тәртібі бойынша жұмыстарға тікелей қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.07.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.07.2020 – 03.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

05.08.2020

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан проспект Кабанбай батыра 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

87014911985