Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Пайдалану басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты) - 1 бірлік (негізгі қызметкердің 27.11.2020 ж. дейінгі жүктілікке және босануға байланысты демалысы кезеңіне).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Қосымша талаптар

техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе машина жасау және/немесе құрылыс және/немесе радиотехника, электорника және телекоммуникациялар және/немесе ақпараттық жүйелер және/немесе геодозия және картография және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Функционалды міндеттер

Пайдалануға берілетін аяқталған нысандарды мемлекеттік қабылдау жұмыстарды ұйымдастыру; бюджеттік өтінімдерді дайындау; республикалық маңызы бар жолдарда ведомстволық сараптама жүргізу; жөндеу аралық мерзімді анықтау және есептеу; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күрделі және орташа жөндеу бойынша есебін дайындау жұмыстарын ұйымдастыру; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жыл сайынғы бақылау кезінде мәліметтерін өңдеуде қатысу және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және олардағы жасанды құрылыстардағы күрделі және орташа жөндеудің қажеттігін анықтау; нормативті-техникалық құжаттаманың дайындығында қатысу; жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында күрделі жөндеудің сараптама жобасы және орташа жөндеудің техникалық құжаттамасы бойынша эксперттік тобына қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобаларын дайындауда қатысу; депутаттық сауалдарға, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына жауап жобаларын дайындау; хаттамалық тапсырмалардың және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат ұсыну; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының даму мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу; автожол саласы бойынша кеңестерге материал дайындау;  республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында  жүріп-өту бойынша жедел ақпаратты жинақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2020 – 03.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.07.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Қабанбай батыр даңғылы 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

87014911985

87015007374