Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті концессия басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 29 наурызға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

259516

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Геодезия және картография
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы

Қосымша талаптар

көпірлер мен көлік тоннельдері, автомобиль жолдары мен аэродромдарн салу, көпірлер мен тоннельдер

Функционалды міндеттер

Жеке-меншік әріптестік жобаларына соның ішінде Концессиялық ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.Концессиялық ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, конкурстық құжаттамаларды (соның ішінде ТЭН, концессия шартының жобасы) және жеке-меншік әріптестік жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген концессиялық ұсыныстар мен конкурстық құжаттамалардың қажетті сараптамалары мен келісулерін алуға қатысады.  Инвесторлардың, соның ішінде халықаралық роуд-шоуларды, конференцияларды өткізу жолымен ықтимал концессионерлерді тартуды ұйымдастыруға қатысады. Конкурсты ұйымдастыруға қатысады. Ықтимал концессионерлермен (конкурсқа қатысушылармен) конкурс талаптарын түсіндіреді, соның ішінде жазбаша сауалдарға түсініктемелер беру бойынша кездесулер, келіссөздер ұйымдастыруға қатысады.  Келіссөздер рәсіміне және концессия шарты жобасының түпкілікті нұсқаларын құруға, сондай-ақ, қажетті келісулерді алуға қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке-меншік әріптестік соның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге қажеттілігіне қарай заңды тұлғаларды тартуға қатысады.  Іске асырылатын жеке-меншік әріптестік жобалар соның ішінде концессиялық жоба бойынша анықтамалық материалдарды және өзге қажетті құжаттамаларды дайындауға қатысады.  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге қызметтерді жүзеге асырады.  Министрліктің регламентін және Министрліктегі құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтайды.  Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2023 – 04.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30МБ

Сұхбаттасу күні

10.07.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

983-446