ИИДМ-ДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ИИДМ-ДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2020 жылдың 13 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында Автомобиль жолдары комитетінің, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ мен мердігер компаниялардың өкілдерінің қатысуымен өндірістік кеңес өтті.

Кеңес барысында М-36 «РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы» 2453-2446 шақырым» автожолын Шамалған стансасының теміржол өткелінде жол өтпесін орната отырып, қайта құру мәселесі талқыланды. Аталмыш жоба бойынша өткен жылдың желтоқсанын айында «Тодини Конструциони Дженерали С.п.А.»/ «Integra Construction KZ» ЖШС консорциумымен келісімшартқа қол қойылған болатын. Құрылыс-монтаждық жұмыстар 2019 жылы басталды. Қазіргі таңда жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жиын барысында құрылысты уақытылы аяқтау, ағымдағы жылдың соңына дейін автомобиль жолының аталмыш учаскесінде жол қозғалысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар, «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 16-19 шақырымындағы «Алтын Орда» және 18-19 шақырымдағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешені ауданындағы учаскесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының барысы қаралды.  «Алтын Орда» базары 16-19 шақырым учаскесіндегі жұмыстар 2020 жылдың желтоқсанында аяқталмақ. Бүгінгі таңда нысанда құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.  

«Асыл Арман» ТК ауданы 18-19 шақырым учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылдың желтоқсанында басталды. Жоба аясында түрлі деңгейде ұзындығы 550 метр болатын төрт жолақты қозғалысты ұйымдастыру арқылы көліктік жол айырығы мен жаяу жүргіншілерге арналған 1 жерүсті көпірінің құрылысы қарастырылған.

Кеңесте «Алматы-Бішкек» автожолын («Алтын Орда» базары 16-19 шақырым) күрделі жөндеуден өткізу жобасының іске асырылуын ерекше бақылауға алу және жобаны белгіленген мерзімде аяқтау туралы шешім қабылданды.  

Бұдан бөлек, шара аясында «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолын реконструкциядан өткізу жұмыстарының барысы талқыланды. Ұзындығы 96 шақырымды құрайтын жолды реконструкциялау жобасы 2022 жылға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Оқиға күні

13 ақпан 2020

Өткізу орны

Кабанбай батыра 32/1

Оқиға түрі

Пресс-релиз