«Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік алдында талқылау үшін мәслихаттың «Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылуы туралы» шешімінің жобасын жариялағандығы туралы хабарлама
Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына, ҚР Әділет министрінің м.а. 30.09.2021ж. №849 «Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік алдында талқылау үшін мәслихаттың «Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылуы туралы» шешімінің жобасын жариялағандығы туралы хабарлайды (коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары; ТҚҚ жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер).
Аталған жобаны талқылау кезеңі 2023 жылғы 21 маусымнан 2023 жылғы 05 шілдеге дейін белгіленді.
Сізден талқылауға қатысуыңызды және бекітілген мерзімде қазақ және орыс тілдерінде өз ұсыныстарыңыз бен сараптамалық қорытындыңызды ұсынуыңызды сұраймын.
Жобаны талқылау үшін төмендегі сілтемеге өту қажет:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14615048
«Ашық НҚА» порталындағы қызметтің болмауы жағдайында және талқылауда қатыса алу мүмкіндігі болмаған жағдайда шешім жобасы және түсіндірме жазба танысуы үшін мекенжайларға электронды түрде немесе қолма-қол жолданады.
Соның өзінде шешімнің аталған жобасы Риддер қалалық мәслихатының ресми сайтында жарияланғандығын хабарлаймын:
https://www.gov.kz/memleket/entities/riddermaslikhat/documents/details/485312?lang=kk
2023 жылғы 21-маусымдағы «Мой город Риддер» газетінде(№25).