БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2020 жылғы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша «мемлекеттік аудит объектісі жасаған қаржылық операциялардың Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкестік аудиті» көрсеткіші бойынша аудитпен қамтылған кезеңде жалпы Мекеме қызметінің ҚР заңнамасына сәйкес келетіні анықталды.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау аудиті кезінде бюджеттік бағдарламаны жасауда қолданылатын заңнама нормаларын сақтамау, бюджет қаражатын асыру бойынша бұзушылықтарға жол берілгені, бухгалтерлік есепті жүргізудің жекелеген рәсімдерінің сақталмағаны анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.