БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Тексеру комиссиясының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы отырысында денсаулық сақтау объектілерінің күрделі шығындарына бөлінген бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.

Қамтылған жалпы сомасы 12 640 150,4 мың теңге қаражаттан жалпы сомасы 1 825 729,2 мың теңгенің немесе қамтылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтері көлемінің 14,4 %-ы мөлшерінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  1. қаржылық бұзушылықтар – 276 944,3 мың теңге немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 15,2 %-ы;
  2. бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 1 524 020,0 мың теңге немесе 83,5 %;
  3. бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану – 24 764,9 мың теңге немесе 1,4 %.

30 рәсімдік бұзушылық және 13 жүйелік кемшілік анықталды.

Аудиторлық іс-шараны жүзеге асыру барысында бюджетке 3467,1 мың теңге өтелді, 253007,7 мың теңге қалпына келтірілді.

Отырыс қорытындысы бойынша аудит объектісіне қарау және шаралар қабылдау үшін аудиторлық қорытынды жолданды.

Бұзушылық фактілеріне жол берген тұлғаға қатысты қаражатты тиімсіз жоспарлауға әкеп соққан Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен көзделген құжаттардың болмағаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалып, материалдар қарау және шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, аудит материалдары құзыреттілігі шеңберінде қарау үшін Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына берілді.

 25.12.2023