GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Комиссия туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
22 октября 2026
АНОНС

2026 жылғы 29 қазанда сағат 10-00-да «Ауылдық округтер әкімдерінің жекелеген аппараттарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шараның қорытындыcы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы офлайн режимінде өтеді.

 

22 октября 2026
Баспасөз хабарламасы

2026 жылғы 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Петропавл қаласының № 2 қалалық емханасының қала халқына медициналық көмек көрсетуге бағытталған қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы сомасы 719 343,5 мың теңгеге бұзылғаны анықталды: оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 163 554,0 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны – 77,2 мың теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге жататыны – 163 476,8 мың теңге, 417 765,6 мың теңге сомасына тиімсіз жоспарлау, 55 956,0 мың теңге сомасына тиімсіз пайдалану, 82 067,9 мың теңге сомасына жіберіп алған пайда анықталды. Бұдан бөлек, 16 рәсімдік бұзушылық пен кәсіпорын қызметіндегі 2 кемшілік анықталды.

Даму жоспары мен оның орындалуы туралы есептерді талдау сапасыз жоспарлау фактілерінің бар екенін, жекелеген көрсеткіштер бойынша нақты мәндердің көрсетілмегенін анықтады. Бұл жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді объективті бағалау мүмкіндігін шектейді.

Аудит нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті, оның ішінде активтер есебін ұйымдастыруда кемшіліктер бары анықталды. Бұл 2023–2025 жылдар кезеңіндегі кәсіпорынның бухгалтерлік балансы қалдықтары мен қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің бұрмалануына әкеп соққан.

Еңбекақы төлеу кезінде еңбек және өзге де заңнама талаптарының бұзылуы анықталды, бұл ішкі бақылау деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетеді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының сақталмауы салдарынан сатып алу рәсімдерін жүргізу тәртібінің бұзылуына жол берілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу және бухгалтерлік есеп саласындағы бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органға жолданды.

Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді. Аудит объектісіне және уәкілетті органға – «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-не анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жіберген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды.

 

 

20 октября 2026
Анонс

2026жылғы 22 қазанда сағат 10-00-де офлайн режимде «Қала халқына медициналық көмек көрсетуге бағытталған денсаулық сақтау субъектісі қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

Өткізу орны: Қазақстан Конституциясы к-сі, 38 үй, 2 қабат, тексеру комиссиясының отырыс залы, №26 кабинет.

20 октября 2026
Анонс

2026 жылғы 22.10. сағат 10-30-де Қазақстан Конституциясы көшесі, 38-үй, 2-қабат, тексеру комиссиясының мәжіліс залы, №26 кабинет мекенжайы бойынша «2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік  Қазақстан облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен тұрақты сумен қамтамасыз  ету бөлігінде халықтың  өмір  сүру  сапасы  үшін қолайлы жағдай жасау»  сараптамалық-талдамалық қорытындысын қарау жөніндегі Тексеру комиссиясының отырысы өтеді.

 

24 сентября 2026
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты отырыс өтті, оған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Қайрат Күнтуғанұлы Сейітқожаев қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының рөлін нығайтуға ықпал ететін жоғары жетістіктері, қаржылық бұзушылықтардың алдын алудағы, жолын кесудегі және анықтаудағы белсенді қызметі, мінсіз мемлекеттік қызметі, қызметтік міндеттерін үлгілі атқаруы және өңірдің экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, Қайрат Күнтуғанұлы мемлекеттік наградамен – «Құрмет» орденімен, және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

04 сентября 2026
Жамбыл ауданының жекелеген ұйымдарында бюджеттік қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы

2026 жылғы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Жамбыл ауданының жекелеген ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.              Жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 577 млн. теңге құрады, оның ішінде қалпына келтіруге – 520 млн. теңге (90,2%), бюджет кірісіне өтеуге – 56,7 млн. теңге (9,8%), бюджет кірісіне түсуге – 13,7 млн. теңге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану сомасы – 1 752,7 млн теңге.                Мемлекеттік аудит барысында рәсімдерді орындау тәртібінің 65 бұзушылығы анықталды. Бюджет шығыны 937,9 мың теңге құрады.             Мемлекеттік аудит объектілері бөлінісінде қаржылық бұзушылықтардың негізгі бөлігі ТКШ бөлімінде – 543 млн теңге немесе 94%, Благовещенка ауылдық округінде – 29,9 млн теңге немесе 5,1%, Майбалық ауылдық округінде – 1,4 млн теңге немесе 0,7%, экономика бөлімінде – 0,7 млн теңге немесе 0,1% анықталды.             Аудит объектілері Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол беріп, бюджет, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу салаларындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнамасының жүйелі түрде бұзылғаны анықталды.             Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.             Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 38 материал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, 1 материал «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы» КММ және 73 материал «СҚО Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ жолданды.             Бүгінгі таңда аудит объектілерінің 14 лауазымды тұлғасы жалпы сомасы 2,9 млн теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.                          Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшыларына қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланғаны үшін жауапкершілікті арттыру жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды. Сондай-ақ кадр саясатын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу, анықталған бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер бойынша тұрақты негізде техникалық оқу жүргізу, жаңадан қабылданатын нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу.              Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілді.  

03 сентября 2026
Тексеру комиссиясының 15 жылдығы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылдың 27 және 28 тамызында құрылғанына 15 жыл толуына орай салтанатты іс-шаралар өткізді.

Мерекелеу аясында 27 тамызда Ақмола, Қостанай облыстары бойынша тексеру комиссияларының командалары, сондай-ақ облыстың қаржы ұйымдарының командалары арасында волейболдан жарыстар өткізілді.

28 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Н.М. Кеңесовтың, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы
В.С.Бубенконың қатысуымен өткен салтанатты іс-шарада жергілікті атқарушы органдардың шақырылған басшылары, ардагерлер мен қазіргі қызметкерлер, волейболдан жеңімпаздар мен қатысушылар марапаттарға ие болды, сондай-ақ балалар суреттері байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

01 сентября 2026
АНОНС

2026 жылғы 3 қыркүйек сағат 10-00-да «Жамбыл ауданының жекелеген ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шараның қорытындыcы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы офлайн режимінде өтеді.

 

31 августа 2026
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндірудің мемлекеттік аудитінің қорытындылары туралы

2026 жылғы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірудің мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралды.

Жүргізілген аудиторлық іс – шараның қорытындысы бойынша белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 29 527,1 мың теңгені құрады, бюджетке - 23 383,4 мың теңге (79,2%) түсті, бұдан басқа, басқарма қызметінде 2 кемшілік және 1 рәсімдік бұзушылық анықталды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" КММ қызметі тұтастай алғанда жер қойнауын пайдалану құқығын беру, келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану процестерін цифрландыру жөніндегі жекелеген іс-шараларды іске асыру саласындағы заңнамамен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес келетіні анықталды. Басқарма жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру, қайта ресімдеу және тоқтату кезінде белгіленген рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етеді, жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелердің орындалуын мониторингілеу жүйесін ұйымдастырады, бұзушылықтар анықталған кезде ден қою шараларын қабылдайды және жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын енгізуді жүзеге асырады.

Сонымен қатар, аудит жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімділігіне теріс әсер ететін жүйелік кемшіліктерді анықтады. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдерін тоқтату бойынша жекелеген әкімшілік шешімдерді уақтылы қабылдау қамтамасыз етілмеген, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 14 497,0 мың теңге сомаға қаражат аудару жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді тиісінше орындамау фактілері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткіліксіз тиімділігі анықталған, бұл пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық міндеттемелерін төмендетуге алып келді сомасы 15 030,1 мың теңге.

Негізгі проблема кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға берілген өкілеттіктердің іске асырылуын нормативтік, ұйымдастырушылық және кадрлық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі болып табылады. Тексерілетін кезеңде бұл бақылау өкілеттіктері оларды жүзеге асырудың қажетті тетіктерінің, мамандандырылған инспекторлық құрамның, жеткілікті инфрақұрылымның және нақты заңнамалық реттеудің болмауына байланысты іс жүзінде іске асырылмады. Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама өз бетінше (заңсыз) жер қойнауын пайдалануды анықтау мен жолын кесудің кешенді тетігін қамтамасыз етпейді, бұл құқықтық алшақтықты тудырады және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін төмендетеді.

Жалпы аудит нәтижелері Басқарманың қызметі жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі әкімшілік функциялардың орындалуын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді, алайда жекелеген бақылау өкілеттіктерін және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асырудың тиімділігі қолданыстағы заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық кемшіліктермен шектеледі. Мемлекеттік басқарудың нәтижелілігін арттыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мемлекеттік бақылау және ведомствоаралық ақпарат алмасу тетіктерін дамыту, жер қойнауын пайдалану процестерін цифрландыруды аяқтау, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық және салықтық міндеттемелерді толық орындауын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 5 ұсыным мен тапсырма берілді, анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 1 ұйғарым шығарылды.

Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                    А. Қарабеков

24 августа 2026
АНОНС

2026 жылғы 25 тамызда сағат 10-00-де «Кең таралған пайдалы қазбаларды өндірудің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шараның қорытындыcы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы офлайн режимінде өтеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы