Мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қаржылық есептілігінде шаруашылық операциялардың толықтығы, дұрыстығы және дұрыс көрсетілуі, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын бағалау болды.
Пресс-релиз: https://www.gov.kz/org/revkom-jetysu/press/press-releases/details/20742?lang=kk
2026 жылғы 13 қазанда Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жетісу облысының жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің дұрыстығы мен анықтығына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы 2026 жылдың 15 қазанында Абай көшесі 241 ғимаратының 3 қабатында 301 кеңседе сағат 15 00 өткізіледі.
Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны аясында Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында марафонның мақсаты, қатысу шарттары мен ережелері таныстырылып, кітап оқуды насихаттау, оқу мәдениетін дамыту және қоғамның кітапқа деген қызығушылығын арттырудың маңызы айтылды.
Аталған бастама еліміздің барлық өңірлерінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған. Марафонға белсенді қатысуға шақырылды.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Видео: https://drive.google.com/file/d/1znvtDQqOVmxuPekNgx5_PLVz-X6gzDGd/view?usp=drive_link
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін қызметкерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық наградаларымен, облыстық мәслихат төрағасы мен қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара мерекелік көңіл күйде өтіп, мемлекеттік қызмет саласында жемісті еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.
Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясында Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиын өтті.
Іс-шара барысында заңдағы негізгі жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың жаңа қағидаттары және саладағы өзекті өзгерістер жан-жақты талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты енгізілген нормаларға, меритократия қағидаттарын нығайтуға, кадрлық процестерді жетілдіруге және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған тетіктерге ерекше назар аударды.
Жиын қорытындысында заң талаптарын сапалы іске асырудың маңыздылығы атап өтіліп, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен кәсібилігін арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі айтылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Асқар Арыстан Асқарұлының қатысуымен Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша жиын өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиын қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және алдын алу шараларын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысында мемлекеттік қызметте ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2025 жылдың 30 қыркуйектен бастап 28 қараша аралығында «Жетісу облысының «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ, «Талдықорған аграрлық-технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК, «Талдықорған қаласының Қ.Байсейітов атындағы саз колледжі" МКҚК, «Талдықорған сервис және технология колледжі» ШЖҚ МКК, «Жаркент көпсалалы колледжі» ШЖҚ МКК, «Жаркент жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК-ның техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражатты пайдаланылуына жүргізген мемлекеттік аудит бойынша 2025 жылдың 23 желтоқсанда отырыс өткізілді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/revkom-jetysu/press/press-releases/details/15487?lang=kk