
Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясы Жетісу облысының, Қаратал және Сарқан аудандарының 2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қаржылық есептілігінде шаруашылық операциялардың толықтығы, дұрыстығы және дұрыс көрсетілуі, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу мен есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын бағалау болды.
Аудит барысында қаржылық есептілікті қалыптастыру және шоғырландыру, активтер мен міндеттемелерді дұрыс көрсету, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік нысандарын ұсыну мерзімдерінің сақталуы мәселелері зерделенді.
Аудит нәтижелері бойынша қаржылық есептілікті қалыптастыру және шоғырландыру кезінде жекелеген бұрмалаушылықтарға жол беру, бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бұзу, қаржылық есептілікті ұсыну мерзімдерін сақтамау, сондай-ақ жекелеген активтер мен міндеттемелерді есептілікте дұрыс көрсетпеу фактілері анықталды. Аталған бұзушылықтар есеп жүргізуді ұйымдастыруда және ішкі бақылауды жүзеге асыруда жекелеген кемшіліктердің бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар, қаржылық есептілікті дайындау сапасын арттыру, есептік деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ шаруашылық операцияларды заңнама талаптарына сәйкес уақтылы есепке алу қажеттілігі анықталды.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың бір бөлігі жойылып, тиісті есептік көрсеткіштер қалпына келтірілді, бюджетке уақтылы түспеген қаражаттар өтелді. Сонымен бірге, жекелеген мәселелер бойынша анықталған кемшіліктерді толық жою және олардың қайталануына жол бермеу бағытында одан әрі жұмыс жүргізу қажет.
Кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік аудит материалдары Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Материалдарды қарау нәтижесінде лауазымды тұлғаларға қатысты 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жоюға, бухгалтерлік есепті жетілдіруге, қаржылық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз етуге және ішкі бақылау жүйесін нығайтуға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.
Аталған ұсынымдарды іске асыру шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру сапасын арттыруға, бюджет және бухгалтерлік есеп саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың ұсынылатын есептік деректердің дұрыстығы үшін жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.