Агенттік «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Осыған байланысты көрсетілген қаулы жобасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту және жаңғырту» инвестициялық жобасымен 2021 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесі толықтыру көзделген.
Қаулы жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11610474 .