Қаржыландыру деңгейі мен мемлекеттік білім беру органдарын басқару жүйесінің аудандық деңгейден облыстық деңгейге өзгеруіне байланысты Мемлекет басшысы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 651 Жарлықты қабылдады.
Президенттің жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде D санаттары тобында алғаш рет D-R жаңа санаты енгізілді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) жаңа енгізілген D-R санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекітеді.
Сондай-ақ осы бұйрық жобасында D-R санаты «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламаларына енгізілген.
Жоба 2021 жылғы 30 қыркүйекте «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11840602 «Құқықтық көмек» бөлімінде орналастырылды.