Агенттік уәкілетті органдармен (Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) бірлесіп «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогының операциялық бағалау әдістемесінің жобасын (бұдан әрі – Әдістеме жобасы) әзірледі.
Әдістеме жобасында мыналар:
- «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашықтық», «Шағымдар мен арыздарды қарау сапасы» бағыты бойынша «Шағымдар мен өтініштерді қайта жіберу мерзімдерін сақтау» жаңа критерийлерді енгізу;
- «Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерін сақтау», «Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту», «Құжаттардың толық емес жиынтығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету» және «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен ескерілмеген құжаттарды талап ету» көрсеткіштері бойынша үлестік мәндері өзгеруі;
- «Автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімсіздігінің ұзақтығы» айыппұл көрсеткіші және «Цифрлық құжаттар мен цифрлық мәліметтерді іске асыру» ынталандырушы көрсеткішін енгізу көзделеді.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13569952 .