Агенттік «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірледі.
Бұйрық жобасы Үкіметтің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында дайындалды және «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін бағалаудың жаңа жүйесін қамтиды.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында а.ж. 3 желтоқсанында орналыстырылған келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13594712