Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізу бойынша пресс-релиз

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 1 қарашадағы № 508 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 4 қарашадағы № 98 бірлескен бұйрығымен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №116 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілгендігін хабарлайды.

Атап айтқанда, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының бірқатар көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы төмендетілді.

Бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 6 қарашада ресми түрде жарияланды (ссылка).

Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.