«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау» тақырыбындағы онлайн семинар

Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Аппарат басшысының «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде жалпыға бірдей құқықтық оқытуды өткізу жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 624  бұйрығын орындау мақсатында Министрлік қызметкерлері және жоғары оқу орындары өкілдері үшін 2024 жылғы 30 қыркүйек күні «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

 Семинар барысында Білім беру қызметін лицензиялау бойынша қолданылатын нормативті құқықтық актілер, лицензиялау процедурасы, 2024 жылы осы уақытқа дейінгі келіп түскен өтініштер бойынша статистика және лицензиялау кезінде туындайтын мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Семинарға қатысушыларды инклюзивті білім берудің әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан немесе тағылымдамадан/қайта даярлаудан өтуі, кітапхана қорларын бірлесіп пайдалану үшін кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен шарттар (келісімдер) туралы, негізгі жұмыс орны бойынша және оқытылатын пәндер профилі бойынша практикалық жұмыс атқарған оқытушылардың еңбек өтілі деген талаптар және т. б. сұрақтар қызықтырды. Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында қатысушылар семинарда көрсетілген барлық мәселелер бойынша сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді.