«Жоғары білім берудегі менеджмент: Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін баптау» интенсивті практикумын өткізу туралы пресс-релиз

«Жоғары білім берудегі менеджмент: Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін баптау» интенсивті практикумын өткізу туралы пресс-релиз

2024 жылғы 26-28 тамыз аралығында Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Astana IT University-мен бірлесіп «Жоғары білім берудегі менеджмент: Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін баптау» қарқынды практикумын өткізді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін жобалау және іске асыру дайындалған және ынталандырылған қызметкерлерсіз мүмкін емес. Сондықтан сапаны қамтамасыз ету миссиясын орындауға жауапты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары персоналының құзыреттерін дамыту өте маңызды болып табылады.

Қатысушылар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету әдіснамасын, сапаны қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздерін, сондай-ақ сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйелерінің халықаралық стандарттары мен әлемдік тәжірибелеріне шолу мәселелерін қарады.

Интенсивті практикум шеңберіндегі оқытудың белсенді әдістер, талдау мен таныстыру, жобалық-талдамалық практикалық жұмыс, пікірталастар және т.б. арқылы өткізілді. Қорытындылау топтық кейстерді қорғау түрінде өтіп, қатысушыларға сертификаттар берілді.